Кененнің Шәлипамен айтысы – Кенен Әзірбаев

Бұл бетте «Кененнің Шәлипамен айтысы» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5697
К е н е н:
Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Әй, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа келіп қалдым «құдашалап».

Ш ә л и п а:
Бағып жүрген ешкімнің бәрі жағал,
Әріптесім сен болсаң, әдіре қал.
Әдіре қал дегенге арсаңдамай,
Жел жағымды мүңсітпей әрі жоғал.

К е н е н:
Мен өзім Алатаудың ителгісі,
Қойшының қызға жақын икемдісі.
Кедейсің деп кемітпе, байдың қызы,
Келіп отыр құрбыңның сүйкенгісі.

Ш ә л и п а:
Көкала үйрек ұшады көл дегенде,
Ешкі емеді қойшылар шөлдегенде.
Сүт сауам деп кеудеңнің бәрі сірне,
Қойың бақпай, ой, сорлы - ау, нең бар менде!

К е н е н:
Қызы едің сен бір байдың өтпей жүрген,
Жиырма беске келгенше кетпей жүрген.
Көрмегендей мақтанба, байдың қызы,
Мен қойшы сендей қызды ептей жүрген.

Ш ә л и п а:
Рас, бізге бозбала болады ашық,
Ашық жайын біле ме қойшы пасық.
Сары майдан дәметкен кеудең құрсын,
Жел жағымда жүрмеші теке сасып.

К е н е н:
Сендей адам емес пе қойшы деген,
Жол үстінде жолықтым тойшыменен.
Көрмегендей мақтанба, байдың қызы,
Жолың болмас сырласпай қойшыменен.

Ш ә л и п а:
Сенің атаң, ей Кенен, жалаң аяқ,
Құртқан екен құдайым аямай-ақ.
Әкең байғұс ұстап жүр қазан-аяқ,
Қойды жөндеп бақсаңшы сандалмай-ақ.

К е н е н:
Сенің атаң, Шәлипа, Байбалақ-ты.
Жиырма беске келгенше бақты - қақты.
Төсіңдегі томпиған екі емшекті
Мендей қойшы мыжғылап аймалапты.

Ш ә л и п а:
Өйт - бүйтпесем, ей байғұс, өйт - бүйтпесем,
Қу шекпенді құржитып отқа үйтпесем.
Жапалақша жарбаңдап қалмай қойдың,
Итаяққа ас құйып «көйіт, көйіт»,— десем.

К е н е н:
Шәлипа, сеп олай деп кесірленбе,
Жүйрік аттай замғаймын көсілгенде.
Адамды итке теңеп шақыратын,
Шешең ит қып өзіңді өсірген бе?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кененнің Шәлипамен айтысы өлеңінің авторы кім?

Кенен Әзірбаев — осы өлеңнің авторы.

Кененнің Шәлипамен айтысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кененнің Шәлипамен айтысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кенен Әзірбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кененнің Шәлипамен айтысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері