Сапар Байжановқа

Бұл бетте «Сапар Байжановқа» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1480
(«Әдемі-ау» әнімен айтылады)

Сапеке-ау, елу жасқа сен де келдің,
Өмірде жауапты бір өрге келдің.
Жүруші ең мен жаспын деп қартаймастай,
Есейіп, енді міне жөнге келдің.
Жастықтан сен өттің,
Шалдыққа сен жеттің.
Мойындашы, Сапеке-ау.
Ортамызда шалқы,
Болма ешқашан жалқы,
Бақыт сонда, Сапеке-ау.
Ішінен тең құрбыңның жырақ шықтың
Өмірден інжу-маржан сыр ап шықтың.
Жүргенде жер тепкілеп, тойтаң қағып,
Шалдардың ортасынан бір-ақ шықтың.
Бұл да қызық шағың,
Арта берсін бағың.
Қамықпа сен, Сапеке-ау,
Гүл-гүл жайнап ойна,
Қызығына тойма,
Бақыт сонда, Сапеке-ау.
Күлекең өне бойы баптап келді,
Қымызды күні-түні сақтап берді.
«Басы артық» әлде қалай іздей қалсаң,
Оны да жөн екен деп жақтап көрді.
Шалқыдың-ау сен де,
Күлеке, енді көнбе,
Тоқтат енді, Сапеке-ау!
Жөніңе жүр тура.
«Басы артықты» қума.
Жетер енді, Сапеке-ау!
Тойыңа шашу еттім бұл жырымды,
Әлі-ақ сен сағынасың бұл күніңді.
Достарың құшақ жайып ортаға алған,
Ұмытпа осынау бір нұр күніңді.
Бұл бір саған тілек,
Ұмтыла бер үдеп,
Мойымайтын, Сапеке-ау,
Гүл-гүл жайнап ойна,
Қызығына тойма,
Бақыт сонда, Сапеке-ау!

19.11.1980.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сапар Байжановқа өлеңінің авторы кім?

Кәкімжан Қазыбаев — осы өлеңнің авторы.

Сапар Байжановқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сапар Байжановқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімжан Қазыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сапар Байжановқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері