Мен саған ғашық едім – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Мен саған ғашық едім» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2019
  • 0
  • 1
  • 24424
Әні автордікі

Қалайша жүрегіме бойламадың,
Өзіңмен бірге талай тойға бардым.
Мен саған ғашық едім, амалым не,
Сен мені бақытым деп ойламадың.
Сезбедің, ұға алмадың сырларымды,
Өзіңе арнап жазған жырларымды.
Сезбедің ұзақ түндер сені ойлаумен,
Сыртында терезеңнің тұрғанымды.
Қайтейін, сен ажарсыз еттің мені,
Сол жазда жиделерде көп гүлдеді.
Сол жазда көрші ауылдың баласына
Мәңгіге айырбастап кеттің мені.
Өзгертті жылдар солай шешіміңді,
Сүйген жан әрқашанда кешірімді.
Мен қайтіп ұмытайын, жүрегіме
Өшпестей жазып кеттің есіміңді.

1970 ж.


Пікірлер (1)

Ерсұлтан

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен саған ғашық едім өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Мен саған ғашық едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен саған ғашық едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен саған ғашық едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері