Кеш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Кеш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5208
Алқызыл күн асығып,
Көкжиекке батқанда,
Алысты тұман жасырып,
Қараңғылық жапқанда.
Ойлаймын жалғыз сол шақта,
Махаббат, мәңгі өмірді.
Келеді сыбыр құлаққа:
Болмайсын деп көңілді.
Тұрамын көкке көз қадап,
Телміре кеп қол жайып,
Бірақ, сіз бен біз жат,
Болса да онда ғажайып.
Ессіз сорлы жас жанның,
Ынтығы көз жанарың,
Бар сыййнан аспанның
Соны қымбат санадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері