Ұядан ұшқанда – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ұядан ұшқанда» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3240
Пайда көп өмір сүрсең, өнерінде,
Нәрсе жоқ өнетұғын өлерінде.
Ойыңа тіпті өлмейтін сияқтысың,
Әр жаққа ақылыңды бөлерінде.
Тіріңде тіршілік қып тырбанасың,
Жаһанға жаратылып келерінде.
Ұшқанда алар аңың сол болады:
Ұяңнан нені көрсең, өрерінде.
Пайда жоқ ойға түскен өкініштен,
Әр істі алдындағы көрерінде.
Кетпейсің қолыңа алып еш нәрсені
Күні ертең көз жұмылып жөнерінде.
Түйедей тиын көзге көрінеді,
Қарызыңды қиындықта төлерінде.
Сөз қалдыр соңғыларға, сынап көрсін
Сарқылып, шамдай, Төке, сөнерінде.

1910


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұядан ұшқанда өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұядан ұшқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұядан ұшқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұядан ұшқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері