Ой табу оңай емес ерікпесе – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ой табу оңай емес ерікпесе» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1853
Ой табу оңай емес ерікпесе,
Ақсұңқар аңға ұшпайды елікпесе!
Адамды ой пікірі оянбаған,
Болады байқауымда өлік десе!
Болады досқа күлкі, дұшпанға — мат,
Кімде-кім ілгергіні еліктесе.
Болады жұртқа басшы, жолға - маман,
Сабыр етіп, сасқалақтап, желікпесе.
Болып тұр бұл уақытта қойдан қоңыр,
Бұзықтар бас алатын бөрік десе.
Шамамша, шабуға енді шақ боп тұрмын,
Атыңның артқы айылы берік десе.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері