Серігің жоқ бір Алла – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Серігің жоқ бір Алла» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5530
Серігің жоқ бір Алла!
Өлмейтін тіпті, тірі Алла!
Осыншаны халық еткен,
Құдіреті күшті, ірі Алла!
Қалайда да құлыңның,
Өзіңе мағлұм сыры, Алла!
Тәубә - таупық бермесең,
Көңілімді басты кір, Алла!
Сол кірлерді кетіріп,
Ойыма орнат нұр, Алла!
Адаса қойсам, әрқашан
Жолыңа жақсы бүр, Алла!
Қастық қылған қаннастың,
Тұмсығына ұр, Алла!
Иманымды жолдас ет,
"Дүниеден, - десең, - жүр", - Алла!
"Қабыл қыл, - деп, - мұнымды"
Алдында құлың тұр, Алла!
Үмбетіне досыңның,
Бермейсің қайтіп, бір Алла!
Үмітін бар ұялтып:
"Демес - ау, - деген, - бұранда".
"Үмітіңді үзбе!" деп,
Айтқансың әзің Құранда!

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серігің жоқ бір Алла өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Серігің жоқ бір Алла өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серігің жоқ бір Алла өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Серігің жоқ бір Алла өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері