Күйігің кетті, балам, өртеп ішті – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Күйігің кетті, балам, өртеп ішті» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5906
(Әбділғазиз есімді ортаншы баласы өлгенде)

Күйігің кетті, балам, өртеп ішті,
Қаусата қабырғамды қатаң қысты!
Сабыр етіп соңын мұның сұрамасақ,
Шара не Саттар Хаққа үкімі күшті?!
Қой, кеулім, қапаланба, қалпыңа түс,
Көрмеген кім бар дейсің өкінішті?
Біткен соң бітулі өмір, бір сен емес,
Не бекзат тұйғын мысал торға түсті.
Болған соң әзәл тағдыр, әмір еслай,
Жанға жай болған емес жердің үсті.
Болар да Алла артынды абат етсе,
Еңдігі өркендетіп қалған үшті.
Артыңнан ата-анаң да барып қалар,
Бітірген мезгіліңде мұндағы істі.
Ұжмақтан өзіңе онда орын беріп,
Ойнатқай үрлерменен гауһар тісті.
Күнінде қияметтің қарсы шығып,
Қуантып, қолдағайсың жақын қышты.
Жылқы жыл, жиырма бесте, айт айының
Ақырында ажал жетіп, алмақ пісті.
Қайғырып халқың, қалқам, қалды тегіс,
Ұшырып өзіңе ұқшас қыран құсты.
Болған соң ақыры осы әркімнің де,
Бұзудың керегі жоқ бұған түсті.
* * *
Қарағым, қалқам, Азизжан,
Жолдас болсын иманың!
Қонбады бірі, қайтейін,
Еткен ем, дәрі илаждың.
Өмірің ұзақ болғанда,
Біз едік — сенің мейманың!
Бағатын түрің бар еді,
Ата-ананың, қалайда,
Маңдайына сыймадың.
Жиырма бес жасқа жеткенше,
Шаруаңа шақ тұрып,
Қол қусырып, сыйладың.
Айт айының ақырында
Ақыретке аттанып,
Шылбырдың ұшын жинадың!
Бағыңнан ұшып беймезгіл,
Тарттырып қайғы, қапанды,
Еңіретіп бізді қинадың!
Шақналық шамдай ең,
Оғы тиіп өлімнің,
Қапияда қирадың!
Арасаттың күнінде,
Алдымнан шықсаң, арман не —
Андай болып дидарың!
Ұжмақтағы орныңа,
"Бері жүр!" - деп, бастасаң,
Ұшынан ұстап бұйданың.
Шамадан тыс шат болып,
Ашуы сонда тарқар еді,
Өкшеге кірген сиданың!
1930


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күйігің кетті, балам, өртеп ішті өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Күйігің кетті, балам, өртеп ішті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күйігің кетті, балам, өртеп ішті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күйігің кетті, балам, өртеп ішті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері