Жетпісбайға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Жетпісбайға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2350
Туымды ту сияқты елге тайпы,
Тұтынған, төзім беріп, алар бәйгі,
Үкіміне Ақтың нендей қол қусырған,
Ерлердің өтеледі барлық айыбы.
Мұңаймай мүсибатқа мойынсұнған,
Мұрсалдың Мұхат атты анық найыбы.
Болса ондай, болған іске болат болып,
Отыру өңін бұзбай — ер лайығы.
"Кейіні кеніш — реніштің" болуы анық,
Дәуірді өксу ұят өткен айғы.
Ойласаң ойын-күлкі, өткендегі,
Шекердей бірер түйір таңғы шайғы.
Шеккенмен мың жыл өмір, маза мұндай,
Онан да қамыңды қыл барар жайғы.
Қуаныш қайғыменен — екі бедеу,
Мінесің екеуін де, келсе қайымы.
Кеңшілік, я кемшілік кездескенмен,
Басында бақ өмірің тұрмас дәйімі.
Кеуіл қос Жетпісбайға Түрекеңнен,
Әқілі әулет Алла қосқан өткен зайыбы.
Жайларын жұмласының жәннәт айлап,
Етпегей еңбектерін Тәңірім зайғы.
Орнатып өз басына бақыт құсын,
Көркейткей гүл сияқты айын майғы.
1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетпісбайға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Жетпісбайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетпісбайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетпісбайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері