Аштардың Әбенұғлы тыңда арызын – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Аштардың Әбенұғлы тыңда арызын» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1441
Аштардың, Әбен ұғлы, тыңда арызын,
Тыңдайтын азамат ең сөз тәрізін.
Жатқалы тұтқын үйде жеті ай болды,
Тауысып тамақтарын, пұл мен қаржың.
Қарасып, қамқоршылық қылып тұрса,
Бойымыз өсіп тұрады күнде саржын.
Жағдайын жүдеулердің қарастыру,
Міндетті мойнындағы болған парызың.
Аштықтан әл азайып, ақыл кетіп,
Қалып тұр ойын-күлкі етер қалжың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері