Қарашада қар жауған

Бұл бетте «Қарашада қар жауған» атты Анар Шамшадинова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2391
Қыс келмей-ақ қар жауып, қарашада,
Алматыны бір суық шыр айналып.
Сезім өліп, қалдығы тараса да,
Мәні өмірдің бір саған тұр байланып.
Қалтырады жас қайың, таңданды да,
Қабіріне сезімнің көк гүлденген.
Құзғын ашкөз пиғылмен қамданды да,
Сорлы дала сонда да жоқ үндеген.
Жалғыздық тұр жібермей, құша басып,
Көңілімді жып-жылы қалады ма?!
Құштарлығым өзіңмен ұша қашып,
Жүрек жылар, айналып қаралыға.
Қош, сүйіктім, қоштасу бізге мәлім,
Енді сенсіз тозақтан бетер түндер.
Тайқы тағдыр, келмейді сізге әлім,
Қолымды алмас көңілсіз өтер күндер.
Қоштасамын, мұң ғана бақ-тұрағым,
Сатқындыққа қаталдық жараса ма?
Тәтті шақтың тамтығын лақтырамын,
Қыс келмей-ақ қар жауып қарашада...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашада қар жауған өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Қарашада қар жауған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашада қар жауған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарашада қар жауған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері