Жүрсін, Күлән, Шонымға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Жүрсін, Күлән, Шонымға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1275
Сөз тыңда, Жүрсін менен Күлән, Шоным,
Қысқа емес, аңлауымда, ақыл - тоның.
Жақанға жаратылып келгеннен соң,
Оймаған өлім шіркін кімнің қоңын.
Опасыз осы найсап әркімнің де,
Оймен тең етіп жатыр асқар дөңін.
Бұл күнде тар заманның тақсымында,
Жібермейді жүзден әрі өмір жөнін.
Керуенге, байқағанға, бұл жүрген жай,
Байлардың ашып қонған көшкен көңін.
Күні ертең көшетұғын болғаннан соң,
Өкініп ойлы ерлер бұзбайды өңін.
Анаңның Алла иманын жолдас қылып,
Қайырлы өздеріңе етсін соңын.
Қондырып бақтарыңа бұлбұл құсын,
Кетірсін гүл жайнатып, қайғы - тоңын.
Рахмет, қыс күнінде базар барып,
Атқардың жұмысыңды жақсы форум.
Әруағы Алтынайдың ырза болар,
Қайткенмен, боларсыңдар белгілі орын.
Бір Алла бастарыңа бақ орнатып,
Дәулетің даража мен берер зорын.
"Қыз артық қияметте, - дейді, - ұлдан",
Алымдар ілім - ікмат жайған торын.
Мазмұнын айтқан сөздің аңғаратын,
Білімнің боласыңдар ішкен қорын.
Айбынбай "Асылымыз әйел ғой", - деп,
Уақытында үшеуің де көзге көрін!
Жаман ат жап пен сайды ізденеді,
Жүйрік ат жақсы көреді жердің орын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрсін, Күлән, Шонымға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрсін, Күлән, Шонымға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрсін, Күлән, Шонымға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрсін, Күлән, Шонымға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері