Саған

Бұл бетте «Саған» атты Ерден Кабдрашидов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Таудан аққан бұлақтай,
Шыңға шықсам құлатпай.
Саған деген гүл сезімді үзгенің бе?
Қалғаның ба жаным мені ұнатпай?

Иықтағы қос періште алдында,
Сезімімді таразыға салдың ба?
Саған деген махабатты көргенде,
Орны толмас өкініште қалдың ба?

Таң бозарып атқанда,
Қыдырғанбыз бақтарда.
Дәл осындай бал сәттерді еске алғайсың,
Көңілсіз бір шақтарда.

Сергелдеңге түскенде,
Сен де мен де құс пенде.
Кездеспесек бұл өмірде мүмкін жаным,
Кездесерміз түстерде.

Арайланған таңдарда,
Нұрын төгіп бар маңға.
Соңғы бір рет жүздесіп қал,
Қалып қойып жүрме жаным арманда.

Жаным,таңым,
Тамсандырған ақ сағым.
Қанша сұлу көрсем де,
Сендей қызды таппадым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған өлеңінің авторы кім?

Ерден Кабдрашидов — осы өлеңнің авторы.

Саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерден Кабдрашидов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар