Алғаным төрт жүгері толық айып – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Алғаным төрт жүгері толық айып» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3638
Алғаным төрт жүгері толық айып,
Айыбымды өзім де айттым жұртқа жайып.
Тең көрмей төртеуін де айыптының,
Маржаның шұқырына қалдың тайып.
Көңілді күліп-ойнап көтермесек,
Не бітеді отырғанмен құр мұңайып?
Болғанмен жасың кіші, жұртты жөндеп,
Әкімге әділетті болдың найып.
Шамалы сол себептен сөз айттым, інім,
Қалсын деп тамашаға ел-жұрт байып.
Жақтырмай жазып жауап назымменен,
Тастадың жүрегімді жүдә шайып.
"Бай болады к...н қысқан" дегендей - ақ,
Сен жықтың осы ретте, мен болдым майып.
Келтірме кеуіліңе інім оны-мұны,
Көңіліңе: "Кеттің - ау, - деп, - адырайып!".
Аяғын осы араға тоғарайын,
Кейірсің, кетсе сөзім тағы ұзайып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғаным төрт жүгері толық айып өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Алғаным төрт жүгері толық айып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғаным төрт жүгері толық айып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғаным төрт жүгері толық айып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері