Баз біреу мал-мүлікке масығады – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Баз біреу мал-мүлікке масығады» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2944
Баз біреу мал-мүлікке масығады,
Сабыр етпей, сасқалақтап, асығады.
Тегешін толып тұрған төгіп алып,
Отырып өз-өзінен ашығады.
Кендіктің кібіті оған кілттеніп,
Бейнеттің бар есігі ашылады.
"Бір зауал әр қамалға болады" деген,
Қарқыны қайтқан судай басылады.
Даналар дәреже мен дәулет бітсе,
Шүкір етіп, фазылына Хақтың асылады.
Жеті ықылым жетегінде жүргенменен,
Жетсе ажал, жиған мүлік шашылады.
Оқ тиіп өкпесінен не гөзелдің,
Қан-жыны қанша жерге шашырады.
Болған соң ақыры осы, ақылы барлар
Несіне бұл дүниенің дәс ұрады.
Жазы - қыс жаңды қинап жүргеніңмен,
Бітсе өмір, тас төбеңнен тас ұрады.
Тұз, дәмің тататұғын түгесілсе,
Міндіріп ағаш атқа асырады.
Көзіңді қарға, құзғын шұқымасқа,
Туғаның топырақпен жасырады.
Соны ойлап Саттар Хаққа сана айтып,
Ойлы ерлер күніне бес бас ұрады.
"Өлімнен есен-аман қаламын" деп,
Тар тоқып, кім жан-жағын қашылады?
Ер болсаң ерте ойла өлеріңді,
Кәрілік бастан миыңды қашырады.
Жұмысын медет кеткен соң, меңгере алмай,
Мәңгілер пұт, борбайын қасынады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баз біреу мал-мүлікке масығады өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Баз біреу мал-мүлікке масығады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баз біреу мал-мүлікке масығады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баз біреу мал-мүлікке масығады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері