Бұл бетте «Адам деп менің атым қойылғасын» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адам деп менің атым қойылғасын,
Тұрады жүректе иман, ойымда шын.
Білемін, барлығынан биік тұрар,
Есімім Аллаһ берген жойылмасын.
«Басеке», «Төрағаны»... пенде қойған,
Шығарып жалау еткен желден, ойдан.
Әкімдік әңгімеге қазық болды,
Мақрұмбыз «Керқұла атты Кендебайдан»
Жүрмін-ау от ішінде жалаңдаған,
Өткізбек өктемдігін заман маған.
Тегімді ұмытпаймын, тергелемін,
Берілген аманат жан – ол Алладан.
Жан мен тән қосылады шекті күнге,
Кезеді Жер шары мен көкті бірге.
Соққанда соңғы сағат бөлінеміз,
Мың шүкір, топыраққа тептім ірге.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі