Аллаһтан тілеп арманды
Бұл бетте «Аллаһтан тілеп арманды» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аллаһтан тілеп арманды,
Жеткізе гөр деп жалындым.
Өзіне бұрған арнамды,
Тоғаны еттім жанымның.
Басайын дедім сусаған,
Қандырып қаңсу шөлімді.
Жайқалтсын дедім қу-сабан,
Жапырағым мен шөбімді.
Келтірдің келіс, себебін,
Өмірдің мәнін, өрнегін.
Айрылсам сенен семемін,
Сөзіңмен, Аллаһ, өрледім.
Тілегін беріп шын сенген,
Құлыңа қуат енші еттің.
Ризық, несіп, Күлшеңмен,
Адалдық жолын көрсеттің.
Тәніммен тағзым етемін,
Жүрегім жылап, жүгінер.
Иманның қалап жетегін,
Жамалға жаным жүгірер!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі