Түрмедегілерге – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Түрмедегілерге» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1432
Бектерім, божырамай белдерің бу,
Қар шөгер қайрат — асқар, тәуекел — ту.
Сабыр етіп, саясында отырсаңдар,
Құритын өз-өзінен уайым — су.
Бұлбұлдай сақардағы сайрарсыңдар,
Бақ, бостан болып бір күн айналаң ну.
Қасыңнан қуаныштың дариясы ағып,
Қаңқылдап қонар оған қаз бенен қу.
Дегендей "Жан қинамай, нәпақа жоқ",
Таң атып, тамашамен тартарсың ду.
Сабыны Саттар Хақтың — шеккен бейнет,
Деп берген: "Кемді күнгі беттерің жу!"
Үмітті, ойлы ерлерім, үзе көрме,
Кеңшілік көтеріліп кетті деп ту.
Шығарар саулыққа Алла шыбыныңды,
Оқ өтіп жатқанменен үстіңнен зу.
Тағдырға тән байламай, тыпыршылап,
Етудің керегі жоқ қой - қой тігу.
Достының Мұхамбеттей үмбетіміз,
Есіркер, қоймас халықты ішкізіп у!
Міндіріп бәріңе де бақ бедеуің,
Ұстатып қолға тізгін дегіз, ер: "Шүу!"
Үмітті осы еткен еш айламай,
Жарықтан қолдарында жарылқану.

1933


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрмедегілерге өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Түрмедегілерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрмедегілерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрмедегілерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері