Жылдар

Бұл бетте «Жылдар» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 839
Өтті айлар, өтті жылдар,
Өтті талай мезгілім,
Өтті алуан отты жылдар.
Өсірді өмір өз гүлін.
Жылжып алға жыл жарысты.
Жылдар жалқы өткен жоқ,
Жылдар бізбен жыр жазысты,
Жер де жай гүл төккен жоқ.
Жылдардан жыл туып жатты,
Жайнай түстік жыл сайын;
Тұл даланы туындатты
Түлектерім күн сайын,
Қанат қаға құстай ұшқан
Жылдарды алға өңгеріп,
Туған елім Қазақстан
Тұл өлкеме өң беріп.
Елім биік тұғырда тұр
Екі жиырма жас жасап,
Аспандайтын бір қырда тұр,—
Алтын аптап, тас қашап.
Өтті айлар, өтті жылдар,
Өтті талай мезгілім,
Өтті алуан отты жылдар,
Өсірді өмір өз гүлін!
Таң-тамаша әлі алдымда
Тұр туашақ жылдарым,
Жараса, шын, жоралғыңа,
Жұртым, талай жырларым!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылдар өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері