Өмір сөйлейді

Бұл бетте «Өмір сөйлейді» атты Тайыр Жароков жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 691
Қоздатпас жырды қалай еңбек ері,
Өрге өршіп, өндірістің ерлегені!
Айналып айдай алмас тегеріштер
Күркіреп күндей мотор дөңгелеуі.
Ақынды, қаламды да бірге ойнатты
Мың тілді машинаның билегені.
Сол биге қалам билеп, мен сөйлесем
Өмірдің өз аузымен сөйлегені.
Күй күткен көріктене мүліктерім,
Тоздарда төлден ескен түліктерім.
Қойлардай айыр тұяқ қаламымды
Сондықтан маңыратып жүгірткенім,
Көкте құс, суда балық бола аламыз,
Жерімде экспресс көліктерім,
Сол күшті, сол ұлы істі көре-тұра
Қаламды жөн бе ойнатпай, мүдірткенім.
Құс тұмсық, құмырсқа бел қалам сөйлейді;
Өрге өрлеп, өмірменен санам сөйлейді,
Құлақ түр, қаламға тіл бітірді өмір,
Қуатты электрлі далам сөйлейді.
Аузынан ашса-алтын, жөтелсе жез
Ақтарған алып тайын ағам сөйлейді;
Эмбі ерні емерілсе мұнай атып,
Тербеле станогы тамам сөйлейді.
Жарқылдап болат қыран аспанында,
Қалықтап ай мен күннің қастарында;
Шарықтап қалам қалай жырын төкпес
Көк бұлттан адам құс боп асқанында.
Қақалта Қарағанды қара алтынын
Атқанда динамитпен тастарын да.
Қаптады ер қара жонға қайла жанып,
Шахтаның горизонты астарында.
Заводта көк станок темір сөйлейді,
Бұраған станокты ерім сөйлейді,
Жыр қылып ер қимылын қалам төксе,
— Ісімен ер сөйлемей, кімім сөйлейді?
Жаңғырып саңқылдаған дауысына
Тау, тас, су, нулы дала жерім сөйлейді.
Аңқылдап күй өрнегін ағытып тіл,
Жарқылдап қалам сырғып, өмір сөйлейді.

1933


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір сөйлейді өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Өмір сөйлейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір сөйлейді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір сөйлейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері