Түрмеде, жатып түрмедегілерге айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Түрмеде, жатып түрмедегілерге айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1532
Пірмахан, болдың маған жар мен достай,
Көңілімді тұрған сайын, тұрдың қоштай.
Көркейіп көрсем сені, қалады көңілім,
Халқы үшін қазынадан шыққан қостай.
Жегілмей жеңіл, қиын қызметке,
Арқанда әрқалайда жүрдім бостай.
Жудырып кір, қоңымды бергеннен соң,
Бит, бүрге кіре алмады мені тоспай.
Ойыма бергеніндей болды оның,
Астыма - ат, белге — кемер, басқа — досбай.
Есікте ер сыйлаған отырмайды,
Туынан тіршіліктің тұрса боспай.
Кешікпей кеңшіліктің күні туып,
Кетерсің бетіңе анық болып жоспай.
Сонан соң соңындағы сауысқанның,
Қоясың өкпе-бауырын қалай оспай?
Жарылқап Жаббар Алла, жадыратып,
Халық тегіс қалмас деймін қуаныспай.
Қырық шілтен Қаусыл Қияс, Қыдыр Ілияс,
Көп жүрді көптің бауын суарыспай.
Көз жасын көптің Алла көрсе енді,
Тұра алмас суаруға шұбалыспай.
"Кейіні кеніш — реніштің" болып, халық,
Қолына қайтер дейсің ту ал ыспай?!

1933


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрмеде, жатып түрмедегілерге айтқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Түрмеде, жатып түрмедегілерге айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрмеде, жатып түрмедегілерге айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрмеде, жатып түрмедегілерге айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері