Тұрмағамбет пен Сәнбала – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Тұрмағамбет пен Сәнбала» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1555
Тұрмағамбет:
Алтайы көз алдымда, көрдім түлкі,
Боларын біле алмадым кімнің мүлкі.
Қуғанмен, қолға түспей, қалсам босқа
— Сақтандым: "Болармын, – деп, – жұртқа күлкі".
Сәнбала, сол туралы серлеттім сыр,
Сенде тұр бұл мүшкілдің ашсаң, кілті.
Сәнбала:
Алтайы қарсы алдыңнан қашса тұрып,
Қалайша ұмтылмайсың алмасқа ұрып?
Қуғанмен жете алмасаң, кінә өзіңнен,
Шараң не, қалған болсаң діңкең құрып.
Онан да өз жөніңмен жүре бермей,
Қайтесің жан-жағыңа мойын бұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрмағамбет пен Сәнбала өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұрмағамбет пен Сәнбала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрмағамбет пен Сәнбала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрмағамбет пен Сәнбала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері