Соқыр мен ақсақ хикаясы
Бағдатта патша өткен Рашид-һарун,
Бақ орнап бағындырған жанның бәрін.
Шарттарын шариғаттың айлап бажай,
Сұлтан боп саясаттың құрған дарын,
Данышпан дариядай ақыл-ойы,
Бар еді Жағыпар атты уәзірі әнің.
Жағыпардың жомарттығы анасының,
Жамиғы болған еді жұртқа мәлім.
Сарп айлап сары алтынды су орнына,
Сүбһі ошал сұраушы еді ғаріп әлін.
Көшеде көлайт айлап келе жатып,
Есітті ол екі адамның аһы, зарын.
Біреуі ақсақ екен, жол үстінде,
Отырып бұлай деді: – Ая, Кәрім!
Жеткеріп жетерлік жем өз пазылыңнан,
Кеуілден кедейліктің ал мұнарын!
Бәндадан бәвда сұрап, жал аса алмас,
Сұрауға сен лайық ер сауалын.
Саңлаусыз шамды көрмес соқыр — бірі,
Тәңірінің тілге алмайды тіпте намын.
Дейді тек: – Ей, анасы Жағыпардың!
Соқырдың сен бермесең жейтін нанын.
Әлатқа өлетұғын анық жеттім,
Қыл шапқат, қимылдарға жоқ мажалым.
Айтқанын осылайша есіткен соң,
Соқырға салмақ болды шын назарын.
Мауыздап бір тауықтың ішіне жүз
Тілланы тығып сахия ол заманның.
Уақытында осы біткен өзіме кел,
Деп берді тауық, тілла әммаларын.
Ақсаққа бір теңге мен бір нан беріп,
Етуге жүріп кетті өз анжамын.
Ақсаққа ошал уақта соқыр айтты,
– Саған не берді жаңа кеткен ханым?
– Шағындау шикі тауық берді маған,
Миясар мәрттік деймін бұл қылғанын.
Сұраушылар алар да мұңайысар,
Ақсақ та айтты еткен әһсанын .
– Көр сонда көп жалынып, – деді, ақсаққа,
Көзің бар кел қасыма сенің, жаным.
Теңгеңді наныңменен маған бер де,
Тауықты тап пісіріп жеудің қамын.
Теңге мен нанын беріп тауықты алды,
Соқырдың суық көрмей бұл айтқанын.
Ішінде үйіне әкеп сойып көрсе,
Ділла бар есебі жүз тола қарын.
Бай болып беріп Алла бір сағатта,
Әр түрлі ойына алған жиды малын.
Соқырдың Сыр суындай соры өрлеп,
Жоқтықпен жойды қолдан ықтиярын.
Ібарат ақылы барлар алмақ үшін,
Еттім сөз ертегінің бұл мысалын.
Тәңірден тіле тілек, көтер білек,
Оңалды ақсақ қалай үзген жалын.
Жан қайда Жағыпардың анасындай,
Жұмсаған жомарттыққа ой қиялын.
Шапағаты соқырға еткен оның дағы,
Болған жоқ жуыр қанша жүні қалың.
Жаманның жақсылығы жасартар ма,
Келелік күжімдейін кессең талды.
Асылында ықыласпен "Алла" десең,
Байлықтың бек боларсың ішіп палын.
1905
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі