Жүрек – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Жүрек» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5764
Жүрегім өзімде емес, қарындасым,
Босатшы, жіберші деп жалынғасын
Ұшырып туған жерге жібергенмін,
Барсын да мауқын бассын, дамылдасын.

Жүрегім өзімде емес, түу алыста,
Ол кеткен сағынышқа, қуанышқа.
Адасып жүрер ме екен тентек неме
Жолына, мені сүйсең, шырақ ұста.

Ұясы тұғыр болмас тас түлекке,
Кеуде де мекен болмас жас жүрекке,
Зарыққан Зайсанына ұшып кетті,
Сарынын Қара Ертістің естімекке.

Жібердім ұмтылғасын, талпынғасын,
Тек қана талып қанат, алқынбасын.
Атамас ешкім мені қуыс кеуде,
Кетті ғой туған жерге, барсын… барсын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері