Бұлт пен Қаңбақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бұлт пен Қаңбақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 2
  • 5540
Күзгі дала көріксіз,
Құйын соғып есірді.
Қаңбақтарды еріксіз
Қуалады, көшірді.
Бірі жолда шалқайып,
Боз аспанға қарады:
Қанаттарын кең, жайып,
Бұлттар көшіп барады.
Қаңбақ өзі ілгері
Қалбаң қақты, бұлтарды...
Қарап жүрмей тілдеді:
«Қаңғыбас!»— деп бұлттарды.


Пікірлер (2)

Аделя

Өте күшті бізде 5 сыныптар арасында жарыс осыны жаттап алдым

Аделя

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт пен Қаңбақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бұлт пен Қаңбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт пен Қаңбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт пен Қаңбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері