Көлге құйған өзендей қарық қылар – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көлге құйған өзендей қарық қылар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2262
Көлге құйған өзендей қарық қылар
Өлең жазсаң болмай ма халыққа ұнар.
Неткен жансың апырым-ай, мақтан сүйгіш,
Неткен жансың апырым-ай, даңқ құмар!
Өзім дейсің өмірде,
Өзім дейсің.
Қалай өзге жан барын сезінбейсің?!
Мақтау саған ұйқының дәрісіндей,
Соны естімей,
Сен тіпті көз ілмейсің.
Иланбасаң,
Еліңнен барып сұра.
Өзімшілді сүймейді халық, сірә.
Ал сен болсаң жүресің сөз дәметіп,
Ал сен болсаң жүресің даңқсырап,
Үйренбеген тізгінге бесті ме едің?!
Әдеп жолын қанша рет кескіледің.
Пәтер сұрап алғандар жетіп жатыр,
Даңқ сұрап алғанды естімедім!
Өнерімен біздерге қымбат басың,
Жырыңды жұрт жаттайды ұнатқасын...
Бірақ, бірақ,
Күн болсаң,
Даңқ — Ай ғой,
Ай дегенің тумай ма күн батқасын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлге құйған өзендей қарық қылар өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көлге құйған өзендей қарық қылар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлге құйған өзендей қарық қылар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлге құйған өзендей қарық қылар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері