Ара – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ара» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7125
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма,
Шақты ара оңдырмай.
Енді тимен оған мен,
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері