Ән-күй мен коньки – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ән-күй мен коньки» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3021
Коньки теуіп жүргенмін,
Қайдам қайтіп көргенін,
Түбіт шәлі басында
Тәтем келді қасыма.
— Кеттік!
— Қайда?!
— Концертке!
— Тәтежан, мен...
— Тырс етпе!—
Қайтем,
Айтты — көнемін.
Соңына еріп келемін.
Оның ойы — ән-күйде,
Менің ойым — конькиде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері