Өлең, жыр, ақындар

Не үшін?

  • 25.04.2019
  • 0
  • 15
  • 124492
— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін!
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін!
— Құлақ деген не үшін керек?
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
— Жүрек деген не үшін керек?
— Жауларымнан қыңбау үшін!
— Тіл мен жағың не үшін керек?
— Ақиқатты айту үшін!
— Ал аяғың?..
— Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін!



Пікірлер (15)

Бекболат Нуртазаев

Өлеңдерін оқып, екі көзің жақсыларды көру үшін екенін тағы бір ұғынасың.

Зе кингом

Куштыыы

Айгүл

Рахмет өте керек болып жатыр еди таптым коооопп рахмет

Айман

Керемет екен ризамын.Қазақтын керемет жазушыларыыы

Айжамал

Керемет менің жақсы көретін өлеңдерімнің бірі

Омаралиев Шабден

Сауатты қатессіз жазуларыңызды сұранамын. Бұл өлең екінші сыныптың оқулығында да қате басылған.— Жүрек деген не үшін керек?
— Жауларымнан қыңбау үшін! деп жазыпсыздар. Жауларымнан қорғау үшін болу керек.

Омаралиев Шабден

— Жүрек деген не үшін керек?
— Жауларымнан қыңбау үшін! қате басылған. Екінші сынып оқулығында да тура осындай қате. Жауларымнан қорғау үшін,қорғау үшін деп түзетіп қойсаңыздар.

Көркем

Омаралиев Шабден өзің сауатсыз сияқтысың) Қыңбау деген сөздің мағынасын түсінбесең өзіңнен көр! Осы сендей сауатсыздар өзінің тар миымен халықты бүрысқа алып кетері өкінішті.
Қиындыққа қыңба деді,
Жігеріңді шыңда деді.
Алға қойған арманыңа,
Жетпей тағы тынба деді.
дегенді білесің ба?

Бірақ қайдам, сен сияқты барлығын өз тар миына сай еткісі келетіндерде іздену даму деген болмайды ғой)

Дархан

Шабден, миыңа жауларымнан қорғау үшін! деп жазыпсың. Жауларымнан қыңбау үшін болу керек.
Жауларымнан қыңбау үшін, қыңбау үшін деп түзетіп қойсаң екен.

Артур

Бауырлар неге беттен алып жатсындар. Шабден деген киси үлкен киси деп оиламаисындар ма. Ол да өз оиын аитып отыр. Мумкин кынбау деген соз таныс емес шыгар

Эльвира

Коркем, жайлап айтуга болмайды ма? Сразу урысспай

Айзере

Маған ұнады Қадыр мырза әлі нің өлеңдері қуаныш толы болды

Аружан

Өлеңдерін оқып рахаттанамын осы кісінің

...

Рахметт

Гүлзада

Рақмет, оқуға өте жақсы! Балам да оқып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Тірлік алдындағы тілек

  • 0
  • 0

Үйренгенмін кетпеніңе,
Қайлаңа.
Үйренгем жоқ бірақ тірлік, айлаңа.
Не істесең де,

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Сүйетіндей жер үсті
Суретші болсам ғой.
Айтарлықтай келісті
Адам жасай алсам ғой!

Толық

Бәрі де, Ана

  • 1
  • 8

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,

Толық

Қарап көріңіз