Тоңазытқыш – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тоңазытқыш» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4411
Ыссыда ет біткенің базданатын —
Өзінің жоғалтатын жазған атын.
Қасық та жүзіп беріп майға тыққан,
Қалатын сүт дегенің шәй қатықтан.
Білмедім қымыз бенен шұбатыңды,
Шыртылдап айран ашып шығатын-ды.
Дейтұғын Тоңазытқыш мықты туып,
Тамақты өз ішіне тықты қуып.
Енді олар қойып еру, балқығанды,
Амалсыз бола қалды салқын қанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоңазытқыш өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тоңазытқыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоңазытқыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоңазытқыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері