Шатақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шатақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2432
Асан,
Хасан
Сүзісіп,
Аяқ асты керісті.
Өңештерін созысып,
Өре түре келісті.
Жейделерін жыртысып,
Жағаласа бастады.
Тамған терді сүртісіп,
Түкірісіп тастады.
Еріндерін жымырып,
Ерегісіп тұрысты.
Қардай жауды жұдырық
Қойғыласты, ұрысты.
Әлем-жәлем беттері,
Әлі жатыр таласып...
Алысып жүр иттері
Ауыздарын жаласып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шатақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шатақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шатақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шатақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері