Қызғаншақ келіншек

Бұл бетте «Қызғаншақ келіншек» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4990
Азаматын кінәлідей тергеген
Әйелді мен бұрын-соңды көрмегем.
Жүрекпенен ұстамасаң жігітті,
Жүгендеуің мүмкін емес мөрменен!
Құлағыңды түре берме өсекке!
Сырғалының бәрі бірдей төсек пе?!
Сүйгеніңе сену керек!
Ал сенсең,
Әр қадамын неге аласың есепке!?
Сағат сайын іздеу салар еріңе,
Ол бір сондай жын-сайтан ба?
Пері ме?
Әлде ол сорлы момақан бір тоқты да,
Әйел біткен шеттерінен бөрі ме?!
Нар жігітке әр уақытта көп серік.
Не болады азаматтан кетсе ерік?
Ал сен болсаң,
Шылдырлатып телефон,
Сағат сайын отырасың тексеріп.
Дүниеде не ғажайып жоқ дейсің!
Күз боп солып,
Көктем болып көктейсің.
Махаббатты шектемеген
Жер мен Көк
От басымен қалай ғана шектейсің?!
Таусылсаң да,
Тауыссаң да тағатты,
Түймеген жөн, шытпаған жөн қабақты.
Бірін-бірі сүйген адам
Ешқашан
Бір-біріне болмау керек абақты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғаншақ келіншек өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қызғаншақ келіншек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғаншақ келіншек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғаншақ келіншек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері