Жетісуды жағалап – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жетісуды жағалап» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2469
Ағалар, ағалар
От ағасы — Алатау,
Су ағасы — Іле,
Жел ағасы — Сайқан,—
Алдымызда міне —
Ағалар, ағалар!
Ғабит, Ғали — қос аға,
Жыр ағасы — осылар.
Жер екен-ау осы ара
Ағалар басы қосылар!
Ағалар, ағалар!
Қос ағаның қасында
Құстай ұшып келемін.
Бар өмірім осындай
Болса, шіркін, дер едім!
Ағалар, ағалар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетісуды жағалап өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жетісуды жағалап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетісуды жағалап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетісуды жағалап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері