Жетектесiп жүргенде желмен масаң –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Жетектесiп жүргенде желмен масаң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жетектесiп жүргенде желмен масаң,
Кiм оқиды жырымды, сен болмасаң?
Жаңа туған құлындай шатқаяқтап,
Шашбау таққан шалғынды белден басам.
Əншейiнде мен едiм қоңыр қозың,
Əуейi ғып жiбердiң өмiрге өзiң.
Жанарыңмен жарылқап тұрғаныңда,
Аспанға ұқсап кетедi сенiң көзiң.
Тұнық аспан,
Мөлдiр көк,
Шөкiм бұлт...
Көкжиектiң қойғандай шетiн бүрiп.
Шыбын жанның шырқы үшiн шырылдайды
Бозаңдағы Бозторғай секiлдi үмiт...
...Жасын сығып алғанша жастау Елiк,
Буға айналды шалғынның шашбауы ерiп.
Шаңқай түске шамалап қалыпты-ау күн,
Шатқаяқтап тұрғанша мастау ерiк...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі