Құйын

Бұл бетте «Құйын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3843
Жолдың шаңын сипап ап,
Жолсызбенен қашады.
Шашылғанды жинап ап,
Жиналғанды шашады.
Бір жығылып, бір құлап,
Бүлік салу — мұрады.
Тақыр жерді бұрғылап,
Шаншылып бір тұрады.
Дір-дір қағып жапырақ,
Қалтырайды сасқанда.
«Бұрғы» ізінен
Топырақ
Бұрқырайды аспанға.
Барлаушылық жұмысын
Істейді ол тоқтатпай.
Бірақ, бірақ құрысын!
Оралады түк таппай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құйын өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Құйын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құйын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құйын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері