Көнтері

Бұл бетте «Көнтері» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 2
  • 3674
Ағайындар,
Құлақтарың тосыңдар.
Жырыма жыр,
Сырыма сыр қосыңдар...
Мінез-құлқы ақша бұлттан жаралған
Үлбіреген жаны нәзік досым бар.
Барлық пәле түсінбеуден басталар.
Бет орнында бояуы мол маскалар.
Нәзіктігін жасықтық деп,
Өмірде
Істеместі істейді оған басқалар.
Оған нұрын түсірмейді жарық үй
Жаны жүдеп.
Жүреді ашып әрі ми.
Момындарға бәрі батыл,
Бәрі еркін;
Момындарға бәрі қожа,
Бәрі би.
Неткен шыдам!
Неткен темір төзім ең!
Қате тауып дұрыс айтқан сөзінен,
Той — думанда
Ұшып түскен күкірттей
Өртейді оны долы әйелі көзімен.
Обал екен табылмаса ер теңі,
Ойлантады мені достың ертеңі.
Жаны қандай нәзік болса адамның,
Тәніне оның сондай қажет көнтері!


Пікірлер (2)

Ақжайна

Өлеңдерінің астында үлкен мән берді.

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көнтері өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көнтері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көнтері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көнтері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері