Жалғыз

Бұл бетте «Жалғыз» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6347
Жалғыз түйір нәр болмайды тамырға,
Жалғыздықпен қорқытады қабыр да.
Жалғыз ішек жарытпайды күй тартып,
Жалғыз кірпіш бола алмайды қабырға.
Жылайтұғын түгі де жоқ зар илеп,
Жеті-сегіз бала керек әр үйге.
Жалғыз жігіт — әскер емес, қол емес,
Жалғыз ағаш — орман емес, әрине!
Көп түкірсе көл болады еңбекте,
Көп шырқаса қалықтайды ән көкте.
Жаяуыңның шаңы шықпас шілдеде,
Жалғыз қаздың үні шықпас, әлбетте!
Жалқы көзбен шолып байтақ алапты,
Жұдырық қып түйгенменен қабақты,
Жалғыз аяқ жүлде алмайды жүгіріп,
Жалғыз қолмен тарта алмайсың садақты!
Жүрегіңді,
Жаныңды ұсын бал қызға.
Жүрегіңе онсыз әжім салғызба.
Көппенен бол,
Жұртпенен бол,
Әйтпесе,
Бәрі батыл,
Бәрі батыр жалғызға!
Жалғыз жатсаң айналады тән мұзға.
Жалғыз болмай,
Сан қыз болсын балдыз да.
Құдайыңның барлығына сенер ем,
Құдай болу мүмкін болса жалғызға!
Кеткен кезде көздерінің еті ісіп,
Қалың елді жеңіп көр сен шекісіп.
Жалғыз мықты бар дегенге сенсем де,
Сенбен оның жүргеніне жетісіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері