Өлең, жыр, ақындар

Қыз

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 11329
Деп жатпайды жігіт еді,
От еді.
Үндемей-ақ түбіңе әбден жетеді.
Көрмегісі келсе сені
Көшеде,
Көре тұра,
Көрмеген боп өтеді.
Күрделірек төрт белгісіз теңеуден.
Бас тарта ма жұмбақ дертті емдеуден.
Бірақ жақын жібермейді өзіне,
Итеріп те жарытпайды кеудеңнен.
Желпілдесең сен жастықтың желімен,
Ол істейді барлығын да жөнімен.
Еміндіріп,
Егілдіріп қояды,
Оп-оңай-ақ қоштасқан боп сенімен.
Көңіл шіркін шалқығанда лепіріп,
Шындық болып көрінеді өтірік.
Сені ғана,
Сені ғана тыңдайды ол,
Біреулермен сөйлескен боп отырып.
Сәуле толы оның ашық аспаны
Сездірмейді кімге нұрын шашқанын.
Өзіңменен билегісі кеп тұрып,
Қыз вальске шақырады басқаны...
Аруларға құрмет бөлек сері елде,
Біледі оны көкірегі керең де:
Қыздың сыры шөлдің суы сияқты,
Тереңде ғой,
Тереңде ғой,
Тереңде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орман

  • 0
  • 1

Әлділері қорғанбай,
Әлсіздері ышқынған.
Тоғай түгел тұрғандай
Қуғыншы мен қашқыннан.

Толық

Революция семсері

  • 0
  • 0

Революция бұлбұлдары сайраған
«Марсельеза»— менің пірім,
Байрақ ән.
Қиындықтың шар қайрағы от шашқан

Толық

Шөлдегі жаңбыр

  • 0
  • 0

Жазықсыздан осы маң
Шегіп жатыр жазасын.
Көңілшек бұлт осыған
Сығып алды көз жасын.

Толық