Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем» атты Қасымхан Бегманов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1730
Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем,
Мәңгілік арбап мені ертіп кеткен.
Тірлік пен өлең соңыңда жүріп,
Сендерді қалай ұмытып кеткем.
Өңірді көкке бояған бұлақ,
Көңілде жүрген қоя алам сұрақ.
Балалық шақты, анамды әлі
Түсімде көріп... оянам жылап.
Есіме түсті-ау өткен мен кеткен,
Барлығы сол бір көктеммен кеткен.
Атаммен бірге қауын егетін,
Аңызақ дала... көктем мен кетпен.
Қайтемін оны кетпені құрсын,
Көңілде мәңгі көктемі жүрсін.
Көзіндей болып қара шалымның,
Қараша үйде шекпені тұрсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері