Бұл бетте «Жаман әдет жоқ еді» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаман әдет жоқ еді,
Менде тіпті,
Үйір қылдым өзіме пенделікті.
Жүрек жылап жүргенде,
Жалғыздықтан,
Жылы сөйлеп
Кім сонда дем беріпті.
Көріп келем
Көп жанның емексуін,
Ақынмын ба
Қалмайды бөлексуім.
Өмірімнің өткінші
Сәттерінде,
Күлгенімнен шаршатты,
Көп өксуім.
«Қамықпа» деп әке жоқ
Дем беретін,
Қан шықпайды кессең де
Өлген етім.
Ай жарық, бәрі ұйқыда,
Мен отырам.
Жалғызбын,
Жалғызсырар бөлмеде түн.
Көзімнен көлшігімді
Іркемін де,
Арманымнан шабытым
Жыр теруде.
Көрсетпей іште мұңды
Біреулер жүр,
Ролді мықтап ойнап
Қырт өмірде.
Жүректің тоқтаған жоқ,
Тырсылы әлі.
Бұл күнге ол да қонақ
Бір сынады.
Әділін айтқан ауыз
Көпке ұнамай.
Ішіңде талай ойлар
Тұншығады.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі