Ақын — елінің қаны мен жаны – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақын — елінің қаны мен жаны» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Ақын — елінің қаны мен жаны,
Адамдық ұждан, намысы, ары,
Қоғамдық, ойдың ту ұстаушысы,
Халқымен ғана бірге атар таңы.
Ақын — елінің тамырда қаны,
Жүрек соғысы, тыныстағаны,
Жүйке жүйесі, мінезі, құлқы
Толғантар оны болашақ қамы.
Әттең-ай, әттең, еленбей мәні,
Сөзінің құны, тереңде нәрі.
Танылмай, мәре бұйырмай заңды
Сайыста сорлап жанбай жүр бағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері