Мен өзімді жоғалтып алғам бүгін
Бұл бетте «Мен өзімді жоғалтып алғам бүгін» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен өзімді жоғалтып алғам бүгін,
Іздеймін деп бақыттың арман гүлін.
Ұшқым келген кең жайып құлашымды,
Бірақ өмір көрсетті жалғандығын.
Табылармын бір күні іздемейін,
Қыс бар, жаз бар, көктем бар күзге дейін.
Ағарғанға жаны қас қара дақтың,
Табанымнан өткені сыз демейін.
Санамдағы сарқып ап сағынышты,
Күреңіткен күп-күрең
Күзге енейін,
Табылармын, түбі бір жоғалмасам,
Сондықтан да өзімді іздемейін.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі