Қыз – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қыз» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 11433
Деп жатпайды жігіт еді,
От еді.
Үндемей-ақ түбіңе әбден жетеді.
Көрмегісі келсе сені
Көшеде,
Көре тұра,
Көрмеген боп өтеді.
Күрделірек төрт белгісіз теңеуден.
Бас тарта ма жұмбақ дертті емдеуден.
Бірақ жақын жібермейді өзіне,
Итеріп те жарытпайды кеудеңнен.
Желпілдесең сен жастықтың желімен,
Ол істейді барлығын да жөнімен.
Еміндіріп,
Егілдіріп қояды,
Оп-оңай-ақ қоштасқан боп сенімен.
Көңіл шіркін шалқығанда лепіріп,
Шындық болып көрінеді өтірік.
Сені ғана,
Сені ғана тыңдайды ол,
Біреулермен сөйлескен боп отырып.
Сәуле толы оның ашық аспаны
Сездірмейді кімге нұрын шашқанын.
Өзіңменен билегісі кеп тұрып,
Қыз вальске шақырады басқаны...
Аруларға құрмет бөлек сері елде,
Біледі оны көкірегі керең де:
Қыздың сыры шөлдің суы сияқты,
Тереңде ғой,
Тереңде ғой,
Тереңде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері