Кеудең кейде құса-мұңға толады – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Кеудең кейде құса-мұңға толады» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4713
Кеудең кейде құса-мұңға толады,
Толады да қызыл гүлің солады.
Үйің сенің болса болар бірнешеу,
Молаң бірақ біреу ғана болады.
Мәңгі бақи ата бермес таң күліп,
Мәнін ойла бұл өмірдің, әңгүдік!
Үйің сенің он болса да — уақытша,
Молаң біреу болғанменен — мәңгілік!
Мансаппенен шатыстырма мұратты,
Басқашалау қояр тарих сұрақты.
Тірідегі орынынан кей жанның
Өлгеннен соң алған орны тұрақты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеудең кейде құса-мұңға толады өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Кеудең кейде құса-мұңға толады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеудең кейде құса-мұңға толады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеудең кейде құса-мұңға толады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері