Өзгеріске – Нұрбек Ержанұлы

Бұл бетте «Өзгеріске» атты Нұрбек Ержанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кеше кеш құрым, Шекең кеп кетті,
Жүр екен ән сап.. Қарашы!
Сәуірдің күні,
Нөсерлеп өтті..
Баян мен Күрең арасы.

Үні мен өзі еш өзгерілмеген,
Тағдыр салмаған іздерін.
Ән күйге бөлендік,
Бұлттарда жүзгем..
Болмағандайын бізде мұң..

Туған өлкесін дүбірге бөледі,
Тұяғы тұлпар,
Кербесті..
Ұрпағы тілден таса жүрсінші,
Шерікбай тірі...
Өлмепті.
19.04.26


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері