Тамыр жайып тағы да бір көк шынар – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тамыр жайып тағы да бір көк шынар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2523
Тамыр жайып тағы да бір көк шынар,
Мәз боп қалды сұлулыққа тапшылар.
Сенің әрбір шумағыңа,
Жолыңа
Мына мендей қуанған жан жоқ шығар.
Ә дегенше ақын болып майталман,
Жырларыңа, түгін тартсаң май тамған,
Басқа түгіл,
Тіпті сенің өзің де
Мына мендей қуандың деп айта алман.
Енді қазір
Екі иығым бүлкілдеп,
Со бір кезге отырамын күлкім кеп.
Саған дейін ойламаппын мен бір де
Тап осылай жақсы жазу мүмкін деп.
Шын бақыт қой бағаласа ел еңбекті,
Ойдың гүлі сонда ғана өнбек-ті.
Қызықтым мен,
Қызықтым мен, жырыңа.
Ал қызғану ойыма да келмепті!
Іші тарлар түк істемей қалсын ба!
Соққы жейді талай-талай жыр сұмнан...
Кейін білдім:
Сол кезде сен — ақындық,
Мен өтіппін азаматтық бір сыннан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамыр жайып тағы да бір көк шынар өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тамыр жайып тағы да бір көк шынар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамыр жайып тағы да бір көк шынар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамыр жайып тағы да бір көк шынар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері