Талай-талай жүріп көңіл шөлімен

Бұл бетте «Талай-талай жүріп көңіл шөлімен» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4340
Талай-талай жүріп көңіл шөлімен,
Асып келем жырдың асу, белінен.
Ерінім де тілім-тілім жарылды
Қызғаныштың күйіп тұрған желінен.
Бір-ақ күнде жазылмайды дерт енді.
Тірлігіме медеу қылам ертеңді.
Табаным да
Тобылғының шоғындай
Табасына қиындықтың өртенді.
Жарқ-жұрқ еткен асыл тастай жаңғырық.
Әділдіктен тазарады жан кірі.
Өмір шөлде
Таңдайымды жібітті
Жақсылықтың сіркіреген жаңбыры.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талай-талай жүріп көңіл шөлімен өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Талай-талай жүріп көңіл шөлімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талай-талай жүріп көңіл шөлімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талай-талай жүріп көңіл шөлімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері