Өтер уақыт – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Өтер уақыт» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 15472
Өтер уақыт,
Өтеді гүлді көктем.
Өтеді деп аласың кімді беттен?!
Өтер жастық
Яки өтер жасың
Махаббатты өмірге кіндік еткен
Өтеді уақыт,
Өтеді және жазың
Болады үлкен,
Немесе бала жазым.
Өтер шілдең
Яки жігіттіктің
Отырасың шығарып жаназасын.
Өтеді уақыт,
Өтеді қоңыр күзің.
Тағдырдың да татасың не бір тұзын.
Өтіп қазан,
Қарашаң,
Өтіп бәрі,
Қысқартасың ақырын өмірді ұзын.
Өтеді уақыт зымырап,
Өтер қысың.
Пыр етіп бір ұшар да кетер құсың.
Біле тұра уақыттың баянсызын,
Өзіңе өзін жасайсың бекер қысым!
Қалар артта бесік жыр,
Бесік-үйің,
Есіл туыс,
Есіл жұрт,
Есіл бұйым.
Жылдар өтсе мейлі ғой,
Өте берсін!
Сәттер өтіп барады,
Осы қиын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтер уақыт өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Өтер уақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтер уақыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтер уақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері