Сен тұрған үйдің тұрғыны

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3377
Сен тұрған үйдің тұрғыны —
Көршіңе бәрін бересің.
Оның да бірақ бір күні
Оңбағандығын көресің.
Сергелдең өмір жолында
Сөзіне достың ересің.
Ойда жоқ жерде оның да
Опасыздығын көресің.
Бота көз бенен қой көзде
Бақытым бар деп жүресің.
Баяндай қыздың кей кезде
Баянсыздығын көресің.
Жанарыменен үміттің
Жақсылық қана тересің.
Өзімдей деген жігіттің
Өзімшілдігін көресің.
Ойланып біраз әріден
Әділдеу болсаң, төрешім,
Солардың тіпті бәрінен
Өзіңді кейде көресің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері