Бараққа

Бұл бетте «Бараққа» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3073
Туысқан бізде мықты ғой
Тарылған ниет-пейілден.
Туған жер болып шықты ғой
Мақаншы саған кейіннен.
Айналып ерте кесірге
Аяусыз тағдыр көктемі,
Жетектеп сені өсірген
Қызылорданың детдомы.
Туғандар бізде мықты ғой
Тарылған ниет-пейілден.
Бауырың болып шықты ғой
Біреулер саған кейіннен.
Мәпелеп сәби жасыңнан.
Толтырып орнын анаңның,
Сипаған сені басыңнан
Алақаны осы заманның.
Тектестер бізде мықты ғой
Танылған ниет-пейілден.
Ақылшың болып шықты ғой
Ағалар саған кейіннен.
Айналып болат-темірге,
Арамдықпенен енді ұстас.
Оқытқан сені өмірге
Жетімдік деген ұлы ұстаз.
Ұғатын адам ұқты ғой,
Басқаша қалай дейін мен.
Достарың болып шықты ғой
Бәрі де, бәрі кейіннен.
Қызығын көріп мол кездің,
Қыдыр сен енді гүл бақта.
Бүгінгі сөзді
Сол кездің
Қара нанымен салмақта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бараққа өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бараққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бараққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бараққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері